Көкшетауда анасының көлігін қызы айдап әкеткен

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қалалық ІІД-нің кезекшілік бөліміне облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны телефон соғып, белгісіз адамдардың үйдің ауласынан оның «Мазда» маркалы көлігін айдап әкеткенін хабарлады. Жедел-іздеу шараларын өткізу барысында ЖБО-ның бейнебақылау таспаларының көмегімен жәбірленушінің «айдап әкетілген» көлігі табылды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, полицияның тоқтау туралы талабын орындамаған тәртіп бұзушылар ізін жасырмақ болған. Полицейлер көлікті облыстық аурухананың жанында анықтады. Автомобиль бүлінген жоқ, ал «айдап әкетушілер» қашып үлгерді. Тәртіп сақшылары жәбірленуші әйелге көлігінің бүлінбеген күйінде табылғанын айтқанда, айдап әкету оқиғасының қызықты фактілері белгілі болды.

Анықталғандай, көлікті жәбірленушінің 26 жастағы қызы айдап әкеткен. Бойжеткен анасына бұл туралы үйіне келгенде айтып берген. Оның айтуынша, сол күні достарымен бірге түнгі қалада көлікпен серуендегісі келген ол темір тұлпарға құжаттарының болмағанына қарамастан мініп кетті.

Қазіргі кезде аталған фактімен ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлімімен (автомобиль немесе басқа көліктік құралды ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар