Көкшетауда «Алтын белгі» иегерлеріне 100 мың теңгенің ақшалай сыйлығы тапсырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Алтын белгі» иегерлеріне 100 мың теңгенің ақшалай сыйлығы тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін аймақ басшысы Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында мектеп бітірушілердің салтанатты кешіне қатысып, үлкен өмірге жолдама алған түлектерге сәт сапар тіледі.

Шара барысында өткен оқу жылы ішінде білім, ғылым, спорт, пән олимпиадалары тәрізді халықаралық, республикалық байқауларда топ жарған мектеп оқушыларының аттары аталып, құрмет көрсетілді. Аймақ басшысы мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарын шын жүректен құттықтай келе, «Алтын белгіге» және үздік аттестатқа ие болған түлектерге аттестаттарын табыстау рәсімін өткізді. «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болған түлектер 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Еске сала кетейік, биылғы жылы Ақмола облысындағы білім ошақтарын 4986 мектеп бітіруші тәмамдап, олардың 3649-ы ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға өтініш білдіріп отыр.

nullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар