Көкшетауда алкоголь өнімдерін сатқан дүкен иелері жауапқа тартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың басынан бері Көкшетау қаласындағы көңіл көтеру орындарында 6 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, көңіл көтеру орындарында қылмысты алдына алу үшін демалыс жəне мереке күндері полицияның жаяу патрульдік наряды қылмыс пен құқықбұзушылықтар жиі орын алатын аумақтарда бақылау жүргізеді.

"Бүгінгі таңда, Көкшетау қаласында түнгі уақытта жұмыс істейтін 16 көңіл көтеру нысаны тіркелген. Статистикалық деректерге қарағанда, 2018 жылы «999» диско клубта 24 қылмыс, (13 біреудің мүлкін ұрлау, 2 тонау, 6 бұзақылық жəне 3 өзге де құқықбұзушылықтар), «Астория» көңіл көтеру кешенінде 12 қылмыс (10 ұрлық жəне 2 бұзақылық), «Алматы» дəмханасында 12 қылмыс (7 ұрлық жəне 5 бұзақылық), «Евразия» көңіл көтеру кешенінде 10 қылмыс (1 тонау, 3 бұзақылық жəне 6 ұрлық), «Дорожник» дəмханасында 9 қылмыс (5 бұзақылық, 3 ұрлық, 1 тонау), «Жақсы» дəмханасында 7 қылмыс (4 бұзақылық, 1 ұрлық, 1 тонау, 1 біреудің денсаулығына зиян келтіру), «Ангар» көңіл көтеру кешенінде 6 қылмыс (3 бұзақылық, 2 ұрлық, 1 біреудің денсаулығына зиян келтіру)» жасалған», - деп мәлім етті ведомстводан.

Биылғы жылдың қаңтар айында тəртіп сақшылары "RockBar", "Узбечка" "The Tower Pub", "Эдем", "Мята-Бар" жəне "VIP Lounge Bar" тәрізді көңіл көтеру орындарында 6 қылмысты тіркеді.

"Сонымен қатар, полицейлер түнгі көңіл көтеру орындарының қызметкерлері тарапынан қылмыс жəне құқықбұзушылықтың орын алғанын анықтады. Мəселен, 2018 жылдың қараша айында есірткі қылмысымен күрес бойынша бөлімшенің қызметкерлері жұмыс орнында есірткіге масайған түнгі клубтың қызметкерін ұстады", - деп түсіндірді ведомстводан.

Полицейлер бұл оқиғаға байланысты жастардың көңіл көтеретін орындарында есірткі таратылатынына негіз бар деп отыр.

"Тəртіп сақшыларын түнгі сағат 23:00-ден кейін дүкендерде алкогольдік өнімдерді сату оқиғасының орын алатыны алаңдатады. Қазіргі кезде, Көкшетау қаласында түнгі уақытта жұмыс істейтін 12 дүкен тіркелген. Олардың барлығы полицияның бақылауында. Алайда, соған қарамастан заң бұзушылықтар жиі орын алады. Көкшетау қаласының əкімшілік сотымен 4 дүкен («Аян», «Əлем», «Эко» и «Сыра құю») алкогольдік өнімдер сату лицензиясынан айырылса, 33 дүкеннің алкогольдік өнімдерді сақтау жəне сату бойынша лицензиясы тоқтатылып, əкімшілік айыппұл салынды", деп толықтырды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар