+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Көкшетауда алимент төлеуден қашып жүрген әке 3 тәулікке қамалды

2019 жылғы 11 қазан 19:28
Бөлісіңіз:
Көкшетауда алимент төлеуден қашып жүрген әке 3 тәулікке қамалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда алимент төлемеген «көкек» әке 3 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұндай жаза алиментті өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін Көкшетау қалалық әкімшілік сотының қаулысы бойынша тағайындалды», дейді ведомстводан.

Әкімшілік істі Көкшетау қалалық прокуратурасы кәмелетке толмаған үш баланы асырап отырған қала тұрғынының өтінішін қараған соң қозғады. Прокурорлар аталмыш азаматтың алимент қарызы осы жылдың 1 қазанында 600 мың теңгеден асқанын анықтады.

«Жалпы, жыл басынан бері осындай құқық бұзу фактілері үшін алимент төлемеген 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге сот актісін және атқару парағын орындамағаны үшін ҚР ӘҚбК 669-бабы бойынша 5 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған» деп толықтырды ведомстводан.

Алиментті 3 айдан астам уақыт төлемеген жағдайда екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапкершілік бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT