Көкшетауда «Алғыс маршруты» жолаушыларды тегін тасымалдады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алғыс айту күні Көкшетауда «Алғыс маршруты» шағын автобусы жолаушыларды тегін тасымалдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Алғыс маршруты» акциясы таңғы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жалғасты. Акция кезінде қалаішілік №110 маршруты бойынша жүретін «Газель» шағын автобусы түрлі-түсті шарлар және құттықтау парақшаларымен безендірілді.

«Акция барысында орталық қызметкерлері  жолаушыларды құттықтау сөздерімен қарсы алып, бұл күннің тарихына шолу жасап, викториналық сұрақтар қойды және сыйлықтар таратты. Жолаушылар тегін тасымалданды», - дейді орталық маманы Данияр Дайыров.

Тұрғындарда қарап қалмады. Мерекелік көңіл күй сыйлаған жастарды, жалпы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар