Көкшетауда алғашқы жылы аялдама пайда болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жылы аялдаманың алғашқысы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің кеңесшісі Мырзабек Мырзахметовке сілтеме жасап.

Қала әкімі кеңесшісінің айтуынша, «Бурабай»спорт сарайының маңына орнатылған аялдама бөлме және конвектордан тұрады. Жобаны «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өз қаражаты есебінен жүзеге асырып отыр.

Бұл - алғашқы сынама нұсқа. Ол өзін жақсы жағынан көрсетіп жатса, онда Көкшетау осындай павильондармен жабдықталатын болады.

Бұл қуанышты жаңалықпен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев та өзінің Инстаграм парақшасында бөлісті. Өз кезегінде желі қолданушылары да бұл бастамаға қолдау білдіріп, бұзақылар бүлдірмес үшін бейнебақылау камерасын орнату туралы ұсыныс айтты.

Соңғы жаңалықтар