Көкшетауда алаяқтық жасаған «жалған дәрігер» ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Көкшетауда 72 жастағы әйелді алдап кеткен «жалған дәрігер» ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Көкшетау қаласының 1943 жылғы тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып, полицияға шағымданған. Зардап шегушінің сөзіне қарағанда 20 қазан күні сағат 15:00 минут шамасында оның пәтеріне «жалған дәрігер» келіп, арзандатылған бағамен 62 мың теңгенің массаж жасайтын құралын сатып алуды ұсынған. Күдікті 72 жастағы зейнеткерді аталған құрал тиімді әрі оны қолдану арқылы қымбат дәрі-дәрмекке жұмсалатын ақшаны үнемдеуге көмектеседі деп сендірген.

Осылайша, қария «ғажайып құралды» сатып алған. Ал келесі күні күдіктенген ол танысынан аталған құралдың құны бар болғаны 2500 теңге ғана тұратынын естіп біледі. Алданғанын түсінген зейнеткер бірден полицияға хабарласады.

Жедел-іздестірушарасы барысында 26 жастағы ер адам қолға түсіп, кінәсін толық мойындайды.

Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлімі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар