Көкшетауда ақша бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ақша бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, 2019 жылғы мамырдың 3-де Көкшетау қалалық ПБ-на жеке тұлғалардан 500 мың теңге ақша бопсаланғаны туралы ақпарат түскен.

«Тергеу амалдары кезінде Көкшетау қаласының 24 жастағы екі тұрғынын 1995 жылғы ер адам екі жыл бойы жүйелі түрде бопсалап келгені анықталды», дейді ведомство.

Зардап шегушілердің сөзінше, күдікті оларға қорқыту арқылы қысым көрсеткен, сондай-ақ, күш қолданған. Арнайы және жедел іздестіру шарасы кезінде күдіктінің бұрын істі болғаны, есірткіге тәуелді екені белгілі болды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 194 бабының 2 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп толықтырды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар