+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Көкшетауда «Ақмола - адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

2019 жылғы 19 сәуір 03:26
Бөлісіңіз:
Көкшетауда «Ақмола - адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына қол жеткізудің негізгі ұстанымдары - ашықтық, қолжетімділік, сапа» тақырыбында семинар-мәжіліс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен шарада «Ақмола - адалдық алаңы» жобасының міндеттері мен жүзеге асыру барысы туралы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов айтып берді.

Оның айтуынша, еліміз бойынша «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы жүзеге асырылуда. Ақмола облысында бұл жоба «Ақмола - адалдық алаңы» атауымен белгілі. Бұл жоба тұрмыстық жемқорлық деңгейін азайтуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтар үшін жайлы және бөгетсіз жағдайлар құруға және басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, елімізде «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасы енгізілуде. Бұл карта халық үшін алғаш рет бюджеттік шығындар туралы маңызды мәліметтерді түсінікті әрі қолжетімді етіп, қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін құрды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында кез-келген тұрғын әлеуметтік нысандардың құрылысына, жөнделуіне және қамтамасыз етілуіне бөлінген қаражаттар туралы деректермен таныса алады.

Сонымен қатар, Берген Беспалинов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне тоқталды. Осы орайда «Цифрлық агент» бағдарламасы жұмыс жасауда. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін қысқарту, сонымен қатар электронды қызметтердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

«Біз мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қандай сапада алғымыз келсе, дәл солай қызмет көрсетуіміз керек. Егер осы ұстанымды үнемі алға тартатын болсақ, халық тарапынан ешқандай да шағым болмайды, тек қана сенім мен құрмет болады» - дейді Берген Беспалинов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жемқорлық рухани құндылықтар дағдарысы жағдайында, материалдық игілік рухани игіліктен қымбат болған жағдайда туындайды, және осы себептен «Ақмола - адалдық алаңы» жобасының қызметінде жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысқа зор мән беріледі. Осы орайда облыста көптеген жұмыстар атқарылып, олардың ішінде адалдық дүкендері кеңінен ашылуда.

«Сатушысыз «Integrity Shop» адалдық дүкендері адамдардың жағымды моральдық қасиеттерін, ішкі тәрбиесі мен адалдығын тәрбиелеуге бағытталған. Бұл жобаға жоғары оқу орындары, мектептер, колледждер, мемлекеттік органдар қосылды. Бұл бастама тіпті полиция органдары мен сот корпусы арасында қолдауға ие болды» - дейді Берген Беспалинов.

Сондай-ақ, семинарда «Ақмола - адалдық алаңы» жобасының кураторы, облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов «Open Spase» технологиясын енгізу жобасы туралы айтып берді.

«Бұл шаралар ашықтықты және халықтың сенімін арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда республикамызда ашық кеңістікке ауысқан мемлекеттік органдардың жақсы мысалдары баршылық» - деп атап өтті Қанат Ыдырысов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT