Көкшетауда Ақан серіге бюст ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алаштың асып туған ақтаңгері Ақан серіге Көкшетауда бюст ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің алдында орнатылған бюстің ашылуы салтанатында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова құттықтау сөз сөйледі.

«Қазақтың ән өнерінде Ақан серінің орны ерекше. Оның есімі халқымыздың жанында мәңгі сақталған», - деді Алтынай Әміренова.

Мүсіннің авторы - көкшетаулық қолөнер шебері Ринат Әбенов.

Игі шарада колледж студенттері Ақан серінің өмірінен бір үзік сыр шертетін қойылым ұсынды. Сондай-ақ, арқаның асқақ әншісі Қажыбай Жахин әннен шашуын арнады.null null 

null 

Соңғы жаңалықтар