Көкшетауда «Ақ орамал» акциясы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Конституция күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін насихаттау мақсатында, сондай-ақ, Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай республикалық «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылды.

Акция барысында бастарына ақ орамал таққан аналар Абай көшесінің бойымен жүріп өтіп, Тәуелсіздік алаңына жиналды. Онда облыстық басқармалар мен Көкшетау қалалық әкімдігінің  қызметкерлері, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі, Ақмола облысы іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері әлемдегі ядролық сынақтардың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шарада Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова, қоғам қайраткері, ақын, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Шәмшия Айтжанова, «Бари» армян мәдени орталығының белсенді өкілі Астгик Тороян, поляк қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Людмила Суховецкаялар әлемдік қауіп-қатерлер мен бейбітшілікке бастар жол жайында өз ойларын ортаға салды.  

Тәуелсіздік алаңындағы жиыннан кейін ақ жаулықты аналар алты топқа бөлініп, қаладағы ескерткіштерге ақ орамал мен гүл шоқтарын қойды. Аналар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес жауынгерлер құрметіне арналған Даңқ обелискісіне, Кеңес Одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдиновтің, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің, Чернобыль атом электр стансасындағы апатты жоюға қатысқан ақмолалықтардың ескерткіштері мен сапаржайда орналасқан «Ананың ақ тілегі» ескерткішіне  барып тағзым етті.  

Аталған шара кешкісін облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда» атты жастар акцияға ұласады деп жоспарланған.

null null  

Соңғы жаңалықтар