Көкшетауда адасып қалған 3 жасар баланың ата-анасы табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда адасып қалған 3 жасар баланың ата-анасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 15-де Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы полиция старшинасы Алмат Жантасов «Көктем» шағынауданындағы тұрғын үй ауласында жылап тұрған 3 жас шамасындағы ұл баланы байқап қалған. Белгілі болғандай, бала адасып қалған және ата-анасының есімін ғана біледі. 102-ге жедел хабарласқанда, онда ешкімнен бала жоғалғаны туралы ақпарат түспегені анықталды. Сол себепті полиция қызметкері өзі іздеуге кіріскен.

Ол баладан сұрастыра келе әкесінің шар ілінген лимузині бар екенін білді. Салтанатты шара өткізу бойынша қызмет көрсететін компанияға хабарласқан Алмат оларға Азамат есімді лимузин жүргізушісі таныс екенін анықтады.

«Тәртіп сақшылары мәліметтерді жинастыра келе шынымен де олардың Алинур есімді ұлы жоғалғанын және ата-анасы өздері іздеп жатқанына көз жеткізеді. Кейін белгілі болғандай, бала ата-анасымен бірге Васильковский шағынауданындағы туыстарына қонаққа келген. Үй ауласына ойнауға шыққан бүлдіршін адасып кеткен екен. Табылған бала ата-анасына қолына тапсырылды. Ата-анасы болса балаларын тауып берген полиция қызметкері Алматқа алғыс білдірді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

null

Соңғы жаңалықтар