Көкшетауда «адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов қатысты.

Жобаның мақсаты тұрмыстық жемқорлықты азайту, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.

Жоба бөгетсіз ортаны қалыптастыруға, басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуге, халыққа жайлы жағдайлар жасауға және қоғамдық бақылауды арттыруға бағытталған. Оны кешенді түрде жүзеге асыруға кәсіпкерлер, азаматтық қоғам институттары, БАҚ өкілдері тартылатын болады.

Шара шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесіп, «Саналы ұрпақ» клубының фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты.

«Бүгінгі күні біз үшін жоғары әлеуметтік тиімділік пен мемлекеттік билік органдары жұмысының мінсіздігіне кепіл бола алатын кәсіби дәрежеде дайындалған және адамгершілік жағынан тәрбие алған мемлекеттік қызметшілерді қалыптастырудан артық маңызды міндет жоқ» - деп атап өтті Олжас Бектенов студенттермен болған кездесуінде.

Сонымен қатар, Олжас Бектеновтың қатысуымен университет базасында салтанатты түрде алғашқы «Integrity Shop» - адалдық дүкенінің ашылу рәсімі өтті. Аталмыш жоба жастардың бойында адалдық, тәрбиелік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеуге, қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыруға бағытталған.

 

Соңғы жаңалықтар