Көкшетауда «Абылай хан» кітабының тұсаукесері өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда елімізге танымал тарихшы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамбыл Артықбаевтың «Абылай хан» кітабының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбабап-ғылыми кітапханасында өткен шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысты.

Автордың айтуынша, аталмыш кітапты шығару идеясы Абылай ханның 300 жылдығын атап өту кезінде пайда болған. Кітаптың тұсаукесері де Көкшетауда өтіп жатқаны тектен тек емес, Абылай хан ордасын тіккен өңір.

«Мұндай тарихи дүниені жазу оңай шаруа емес. Жеті жыл бойы еңбектендім. Абылай ханға қатысты тарихты жан-жақты зерттедім», дейді профессор.

Сонымен қатар, шарада қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысов, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, тарих ғылымдарының докторы, ғалым Қадыржан Әбуев сияқты бірқатар зиялы қауым өкілдері туынды туралы өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар