Көкшетауда «A day in Burabay» бірегей фотоальбомының тұсаукесері өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті Қоры меморандум шеңберінде Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинге Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық әкімдікте өткен аталмыш фотоальбомның таныстырылымында аймақ басшысының орынбасары Қанат Ыдырысов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының басшылығына облыс әкімі атынан алғысын білдірді.

«Қазіргі кезде, Ақмола облысы әкімдігімен Бурабай курортына жыл бойына бару үшін  «Four Seаsоns» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Аталмыш фотоальбом курортты аймаққа туристерді ғана емес, шетелдік, отандық инвесторларды тартуға да септігін тигізеді», деді Қанат Ыдырысов.

Ал ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры атқарушы директорының кеңесшісі Əлия Қайшарова өз сөзінде: «Біз бұл фотоальбомды Бурабайдың бірегей табиғи ерекшелігін əлемге көрсету үшін шығаруды ұйғардық. Мемлекет басшысы осы өңірде болған кезде оның сұлулығына əрдайым таң қалады. Бурабай өңірі Абылай ханмен байланысты ұлы тарихқа ие. Осы өңірге байланысты көптеген аңыздар да бар. Жаңа фотоальбом қазақстандықтардың жəне шетелдік туристердің назарын Қазақстанның інжу-маржанына аудара алады деген сенімдеміз», деп атап өтті.

Қор өкілінің айтуынша,осы фотоальбомның негізінде Астананың 20 жылдығына арналған «A day in Astana» жəне «Астана - Ұлы даланың жауһары» фотоальбомы дайындалды. Көрме-таныстыру шарасы Мəскеуде, Санкт-Петербургте, Мадридте, Алматы мен Астана қалаларында өтті. Таяу күндері көрмені Тараз қаласының тұрғындары да тамашалай алады.
null
nullnull

Ақмола облысы әкімдігі мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры арасында 2017 жылдың 26 мамырында жасалған әріптестік туралы меморандумға сәйкес өңірде мәдени-қоғамдық және әлеуметтік бағытта ауқымды шаралар қолға алынған. Мəселен, Ақмола облысындағы балалар «Көшбасшы жолы», сондай-ақ алғашқы балалар паралимпиадасы сияқты қор жобаларына қатысуда. Ардагерлерге қолдау көрсетуге бағытталған əлеуметтік шаралар жыл сайын Қазақстанның əртүрлі өңірлерінде, соның ішінде Ақмола облысында да өткізіліп тұрады.

Биыл Бурабайда трансшекаралық ынтымақтастық, IT жəне нанотехнологияларды дамыту бойынша BURABAY FORUM II Халықаралық Жас ғалымдар форумы өтеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры Қазақстанның қасиетті жерлері туралы əңгімелейтін «Qazaq quest» Интернет хабарламасы, Астана мен Бурабайға арналған фотоальбомдар, «Астана - Ұлы даланың жауһары» сияқты жобаларды іске асырды. Таяуда əлеуметтік желілерде қордың «Qonaqjai Elim» Интернет-жобасының бірінші эпизоды шықты. Онда Қазақстанның көпұлтты халқы туралы баяндалады. Жоба барша қауымды Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан əртүрлі ұлттардың дəстүрі, əдет-ғұрпы жəне тұрмысымен таныстырады. Бұған қоса, еліміздің вундеркинд балалары жəне қазақстандық қаһармандары туралы «Wunder Qazaqstan» жəне «Qaharman Qazaq» Интернет-жобалары əзірленуде.

Соңғы жаңалықтар