Көкшетауда 9 қабатты үйдің шатырынан құлаған бозбала көз жұмды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау полициясы кәмелетке толмаған баланың көпқабатты үйдің шатырынан құлап, қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайғылы оқиға бүгін 5 сәуірде Көкшетау қаласында болды. Белгілі болғандай, 2005 жылы туған кәмелет жасқа толмаған бозбала тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен. Ол алған жарақаттардан көз жұмды. Осы дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі «суицидке дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өзге ақпарат жария етілмейді», - деп түсіндірді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар