Көкшетауда 9 қабатты бизнес орталығы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 9 қабатты бизнес орталық есігін айқара ашты.

Қаланың қақ ортасында жаңадан тұрғызылған 9 қабатты ғимаратта екінші деңгейлі банктердің филиалдары мен кәсіпкерлікті қолдау орталықтары орналасқан.

«Ғимаратта 117 бөлме, 1 мәжіліс залы, 2 лифті және 150 көлікке арналған авто тұрағы бар. Ғимараттың құны жоба бойынша 115,6 миллион теңгені құрап отыр. Онда 15 адам жұмыс істейді. Бизнес орталықтағы бөлмелер жалға беріледі», - дейді орталық директоры Ғалымжан Қопышев.

Орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин: «Облыс орталығында бизнес ашып, кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге айрықша көңіл бөлінуде. Жергілікті атқарушы органдар қалалар мен ауылдық жерлерде оларға қолайлы жағдай туғызудың барлық мүмкіндіктерін қарастыруда», - деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар