Көкшетауда 8 жасар бала белгісіз жағдайда көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 8 жасар бала белгісіз жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлердің дерегі бойынша жасөспірім 11 шілдеде іші ауырып ауруханаға түскен. Дəрігерлер оның асқазанын шайып, дəрі-дəрмек жазып үйіне жіберген. Алайда, келесі күні ойнап жүрген жасөспірім тұншығып, құсып қайтадан Ақмола облысының балалар аурухаға түседі де, көп ұзамай жансақтау бөлімшесінде көз жұмады.

Осыған байланысты ІІД баспасөз қызметі  сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізіліп жатқанын айтып түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

"Жасөспірімнің өліміне байланысты сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде. 8 жастағы жасөспірім анықталмаған этиологиядан уланған деген диагнозбен ауруханаға түсіп, 13 шілде күні көз жұмды", деп атап өтті ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.

Соңғы жаңалықтар