+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Көкшетауда 79 жастағы қария өрттен құтқарылды

2020 жылғы 2 шілде 23:15
Бөлісіңіз:
Көкшетауда 79 жастағы қария өрттен құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 79 жастағы қария құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жоғалып кеткен ағайынды екі баланы 30 полицей қызметкері іздеген Тасқала ауданы аумағында 22 ақбөкеннің өлексесі табылды - БҚО Әкесі ұлымен бірге суға батып кетті - Павлодар облысы

Ведомствоның мәліметінше, өрт М. Янко 35 мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үйде болған. Өрт сөндірушілер келгенше үйде болған 79 жастағы әрі екінші топтағы мүгедек қарияны көршісі сыртқа алып шыққан. Абырой болғанда көршісінің өзі өрт сөндіруші болып қызмет істейді.

«Мен көрші аумақта жанып жатқан үйді көрдім. Бірден 101-ге қоңырау шалып көмек шақырып, өзім үйдің терезесінен ішіне ендім. Кәугерлер үйде адам барын және қай бөлмеде екенін айтты. Нәтижесінде қарияны жатын бөлмеден далаға алып шығып, жедел жәрдем қызметіне тапсырдым», - дейді Көкшетау қалалық №11 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Жанат Мусин.

Ведомстводан атап өткендей, өрт 86 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 16 адам жұмылдырылды. Қазіргі кезде, өрттің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығын көлемі есептелуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT