+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Көкшетауда 7 жастағы баланың үстіне белтемір құлап кетті

2019 жылғы 15 шілде 17:50
Бөлісіңіз:
Көкшетауда 7 жастағы баланың үстіне белтемір құлап кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудың орталық саябағындағы спорт алаңында 7 жасар баланың үстіне тренажер белтемірі құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін мен орталық саябақта болдым. Спорт алаңында інімнің үстіне тренажер белтемірі құлады. Абырой болғанда қатты жарақат алған жоқ. Арыз жаздым. Саябақ әкімшісіне қатысты шара қолданылады деп сенемін. Бұл тренажерде оның істен шыққаны туралы ешқандай ескерту белгілері болған жоқ. Тіпті, жерге байланған немесе жерге де түсірілмеген», - деп пікір білдірді бейнежазбаға тіркелуші.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 7 жасар баланы жедел жәрдем көмек бригадасы ауруханаға жеткізіп, ондағылар балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң амбулаториялық ем қолдану үшін үйіне жіберді. Бала тек қарақұс тұсын ауыртып алған.

«Баланы травматолог қарады. Оған тыныштық және тұрғылықты жері бойынша емханаға қаралу туралы ұсыныс жасалды», - деп толықтырды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Ал, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға тексеру және сараптама үшін ҚР ҚК 156 бабы (Еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT