Көкшетауда 5 күн бұрын жоғалған әйел табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 5 күн бұрын жоғалған екі баланың анасы 28 жастағы Әсел Ахмеджанова табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Бұланды ауданының Макинск қаласында екенін анықтады. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. Әйелмен және оның туыстарымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды ескере отырып, отбасына ювеналдық полиция қызметкерлері тарапынан ерекше назар аударылатын болады», - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, Көкшетауда екі баланың анасы жоғалып кеткен болатын. Ол 19 қарашада сағат 00:00 шамасында балаларын үйде қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған.



Соңғы жаңалықтар