Көкшетауда 49 жастағы əйелді бауыздап өлтірген күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда 49 жастағы келіншекті аса қатыгездікпен өлтірген күдікті қолға түсті. Бұл туралы Көкшетау қаласының ІІБ басшысы Қанат Нұрмағамбетов БАҚ өкілдерімен өткізген брифингте мəлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдың 6 маусымында қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне телефон арқылы 1978 жылғы ер адам хабарласып, əйелінің белгісіз біреудің қолынан қаза болғанын хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері əйелді басынан ұрған соққы мен тамақ тұсында екі жерден пышақ іздерін анықтаған. Сонымен қатар, үйде алтын бұйымдардың жоғалғаны да белгілі болды.

Кейін анықталғандай əйел облыс орталығында ағылшын тілінен репититор болып жұмыс істеген жəне бұдан екі күн бұрын өлтірілген. Сол кезде күйеуі іссапарда болған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша келіншектің бауыздап өлтірілгенін анықталды.

Алайда, көп ұзамай полицейлер күдікті 1983 жылғы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Күдікті осы отбасының танысы болып шықты.

«Ол ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп жіберген», деп түсіндірді Қанат Нұрмағамбетов.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар