Көкшетауда 432 шөлмек алкоголь тәркіленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда заңсыз саудаға қойылған 432 шөлмек алкоголь өнімі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылғы 3-ші қазанында Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Көкшетау қаласындағы Тәшенов көшесінің бойында орналасқан сауда нүктесіне тексеріс жүргізді.

«Тексеріс қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерге тиесілі сауда нүктесінен алкогольдік өнімге есеп бақылау маркасыз және ешқандай жөнелтпе құжаты жоқ пластик ыдыстағы 432 шөлмек алкоголь өнімі, оның ішінде 195 шөлмекке құйылған 124,5 литр құрамында спирті бар сұйықтық, 237 шөлмекке құйылған 129,85 литр белгісіз алкоголь өнімі табылды. Заңсыз өнімдер тәркіленді. Осыған байланысты жеке кәсіпкердің үстінен әкімшілік іс қозғалып, материалдар Көкшетау қаласының әкімшілік сотына жолданды», дейді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар