Көкшетауда 40-тан астам қаңғыбас əлеуметтік бейімдеу орталығына қабылданды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда 43 қаңғыбас əлеуметтік бейімдеу орнына қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша 2018 жылдың 21-22 қаңтары күндері əлеуметтік патрульдің мобильді қызметі мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп жүргізген рейд кезінде тұрақты мекенжайы жоқ адамдар анықталып, Көкшетау қаласының ІІБ Əлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді.

2018 жылдың 21 қаңтарында бейімдеу орталығының түнгі бөлімшесіне 21 адам, 22 қаңтарында 29 адам қабылданды. Қазіргі кезде, облыс аумағындағы ауа райы жағдайына байланысты əлеуметтік бейімдеу орталығы тәулік бойы жұмыс істеуде.

Орталық 100 адамға арналған. Оның ішінде 50 орын күндізгі, 50 орын түнгі бөлімшеде. Оған қосымша тағы 50 кереует дайындалды.

Күннің күрт суытуына байланысты қаңғыбастар күніне 3 рет ыстық тағам, жататын орын, алғашқы медициналық көмек, киім жəне санитарлық-тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз етілген.

Қолданыстағы стандарттарға сәйкес қыс айларында қаңғыбастар орталықта кешкі сағат 18:00-ден таңғы 10:00-ге дейін қабылданады. Денсаулығына байланысты қозғала алмайтындар болса, оларға медициналық көмек көрсетіледі. Сауығып кеткенше орталықтан сыртқа шығарылмайды. Ең бастысы орталықтан пана тауып отырған қаңғыбастарға алкогольдік ішімдік ішуге тиым салынған.

Соңғы жаңалықтар