Көкшетауда 31 жастағы жұмысшы шұңқырға құлап көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 31 жастағы ер адам жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1988 жылы туған ер адам жергілікті ЖШС-нің бірінде сығымдау цехында слесарь болып жұмыс істеген. Ол серіктестік аумағын аралап жүргенде рапс күнжарасын өткізуге арналған тереңдігі 2,5 метр шұңқырға құлап кетіп, сол жерде көз жұмды.

«Қазіргі кезде осы оқиға қатысты ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Соңғы жаңалықтар