Көкшетауда 3 мыңнан астам баланың қатысуымен шеру өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетауда 3 мыңнан астам баланың қатысуымен салтанатты шеру өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

1-ші маусым-Халықаралық балалар күніне арналған шеру алдын ала белгіленген бағыт бойынша жүргізілді. Яғни, Горький көшесінен бастап Абай көшесінің бойымен жүріп өтіп, Тәуелсіз алаңында мəресіне жетті. Оған қаладағы колледж, мектеп оқушылары мен балабақша тəрбиеленушілері қатысты.
null  

Сондай-ақ, дауылпаздар, асатаяқтар, дабылшылар, үрмелі оркестрлер мен ансамбльдер тəрізді шығармашылық ұжымдар шықты. Аталмыш шара  облыстың мәдени өмірінде бірегей оқиға болып отыр.

Қызықты репертуарлар, музыкалық аспаптардың сазы жəне шығармашылық  ұжымдардың киімдері мерекенің көркін одан сайын аша түстті

«Іс-шараның мақсаты - жалпы ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру, балалар мен жастардың орындаушылық шығармашылығын қолдау мен дамыту рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбиесінің факторы ретінде маңызға ие.

Шараға жоғары оқу орындары жəне колледждердің оқытушылары мен студенттері, мектеп оқушылары мен ұстаздары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді ат салысты», - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.
null null 

Соңғы жаңалықтар