Көкшетауда 3 мың теңге үшін дүкен тонаған азамат құрықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 3 мың теңге үшін дүкенге түскен 19 жасар азамат құрықталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл жолы ұрыны ұстау Ақмола облыстық ІІД криминалдық басқарма қызметкерлері үшін қиынға түспеді. Жедел іздестіру шаралары барысында облыс орталығындағы Чкалов көшесінің бойындағы дүкендердің біріне ұрлыққа түскен 19 жастағы азамат бейнебақылау камерасының көмегімен тез арада анықталды.

Белгілі болғандай, ол дүкеннен 3 мың теңге ақша ұрлап, оған қоса 50 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 175 бабының 2 бөлімі «қасақана ұрлық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетсек, бүгінгі күні Көкшетау қаласында осындай 58 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жыл басынан бері аталған камералардың көмегімен 50 қылмыстың беті ашылып, 5753 әкімшілік тәртіпбұзушылық анықталды.

Соңғы жаңалықтар