Көкшетауда 3 көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда үш көліктің соқтығысуымен жол апат орын алып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда жол апаты сәуірдің 6-да түнгі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының Н.Назарбаев даңғылында орын алған. Ниссан, Лада және Гольф көліктерінің соқтығысуы салдарынан Лада-гранта көлігінің жолаушысы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Айта кетейік, жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желі де тарады. Онда жол апат Н.Назарбаева даңғылының бойында Теннис орталығының маңында орын алғаны айтылған.


Соңғы жаңалықтар