Көкшетауда 296 орындық оқу-тәрбие кешені пайдалануға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетау қаласындағы Бірлік шағынауданында 216 орындық мектеп пен 80 орындық балабақша кешені балаларға есігін айқара ашты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2020 жылы еліміздегі мектепке дейінгі бүлдіршіндердің барлығын балабақшамен қамтамасыз ету міндетін тапсырған болатын. Бүгінгі күні сол міндеттер Ақмола өңірінде де қолға алынуда. Көкшетаудағы Бірлік шағынауданындағы мектеп пен балабақша оқу-тәрбие кешенінің пайдалануға берілуі соның бір айғағы іспеттес.

Осынау блім ордасының ашылу салтанатына қатысқан Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов мектеп ұжымы мен ата-аналарды құттықтап, өскелең ұрпаққа тәрбие, білім беруде Мемлекет басшысы белгілеген жоспарлар іске асатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар