Көкшетауда 280 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 280 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Көктем» шағын ауданында салынған балабақшаның салтанатты ашылу рəсіміне қатысқан облыс əкімі Сергей  Кулагин бұл жақсылықтардың барлығы Елбасымыздың тікелей нұсқауымен қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында екендігін айта келе, алдағы оқу жылы осында баратын бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын қуаныштарымен құттықтады.

Осы балабақшаның тәрбиеленушілері Жанерке Төлегенова мен Амантай Алпамыс жаңа ғимараттың лентасын қиды. Жиналған қауым ішке еніп, балғындардың жатқа оқыған өлеңдері мен әсем әндеріне құлақ түрді. Өз кезегінде ата-аналарда Президентіміздің және де облыс басшылығының атына осынау қамқорлықтары үшін шексіз ризашылық сезімін білдірді.

Айта кетейік, жыл аяғына дейін облыс орталығында 240 орындық тағы бір балабақша ғимараты пайдалануға берілмек. Жалпы, өңірде әлеуметтік саланың дамуына бизнес құрылымдары да үлес қосуда. Оы күндері мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында облыс бойынша 7 мың орындық 68 мектепке дейінгі білім беру мекемесі пайдалануға берілді. 

Соңғы жаңалықтар