Көкшетауда 26 жастағы ер адам көлігінің ішінде өртеніп кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 26 жастағы ер адам көлігінің ішінде өртеніп кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай 12-ші қыркүйек күні түнгі уақыт 03:09 шамасында Көкшетау қаласы Наурызбай Батыр көшесінің бойындағы тұрғын үй маңында орын алған. «Опель Вектра» көлігі өртеніп кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД ӨБ-2 жеке құрамынан 5 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Күйген көліктің ішінен 1989 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Қазіргі кезде өрт себептері анықталуда», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар