Көкшетауда 25 автокөлік Мемлекеттік рәміздерді қала көшелерімен алып өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 25 автокөліктің қатысуымен автошеру өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 

"Бүгін біздің еліміз маңызды мерекені атап өтуде.  1992 жылдың 4 маусымы ел тарихына тәуелс­із Қазақстанның мемл­екеттік рәміздері қа­былданған елеулі күн болып енді. Оларды құрметтеу - еліміздің әрбір азаматының қастерлі парызы және міндеті. Ортасында алтын түс­тес күн мен қыран құс бедерленген көк ту­ымыз, шаңырақ бейнес­індегі елтаңба, осыл­ардың бәрі тұрғындар үшін ортақ мекеннің символына айналып, әркез бейбітшілікте, береке-бірлікте өмір сүруге шақырады", деді Н.Нұркенов өз сөзінде.

Мерекелік шара барысында облыс əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Көкшетау қаласының автокөлік əуесқойлары қауымдастығының өкілі Қанат Үмбетовке көк туымызды салтанатты түрде тапсырды.  24 автокөліктен құралған колонна Мемлекеттік рəмізді алып қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. 

Одан әрі мемлекеттікті нығайтуға және қаза­қстандық патриотизмді қалыптастыруға еле­улі үлес қосқан 11 ақмолалық облыс əкімі­нің Алғыс хатымен ма­рапатталды. Сондай-ақ, қалалық мектептердің білім, спорт жəне мəдени салада жоғары жетістіктерге қол жеткізген 6 оқушысы "Жас Ұлан" қатарына қабылданды. 

Мерекелік шара жерг­ілікті шығармашылық ұжымдардың орындауын­дағы концерттік бағд­арламаға ұласты.

Соңғы жаңалықтар