USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Көкшетауда 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді.

2014 жылғы 23 маусым 15:39
Бөлісіңіз:
Көкшетауда 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді.

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді.

Елімізде тұңғыш рет аталып өтіліп отырған шараға өңірдегі мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты шара жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданғандардың ант қабылдауымен басталды.

Бұдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Рәшит Әкімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департамент басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы Қ.Әлібеков құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісін тақты және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

«Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқандарыңызға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді», - деді өз сөзінде Қ.Әлібеков.

Олардың арасында облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы М.Аяпова, Жақсы аудандық экономика және қаржы бөлімі секторының меңгерушісі Г.Власенко «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісіне лайық деп танылды.

Сондай-ақ, облыс әкімі С.Кулагин мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменовтің атынан да Алғыс хаттар тапсырылды.

Шараның соңы жергілікті өнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.
Көкшетауда 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді. Көкшетауда 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді.
Көкшетауда 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT