Көкшетауда 21 жастағы құрылысшы көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 21 жастағы құрылысшы өндірістік жарақат алып, көз жұмды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай 25 қыркүйек күні Көкшетаудағы Бірлік шағын ауданындағы «Комбайн» зауытының аумағында орын алған.

«Зауыт аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Строй» ЖШС-нің 1994 жылғы құрылысшы-монтаждаушысы 1994 жылғы қызылордалық азамат өндірістік жарақат алған. Кейін жедел (жабық кеуде сынығы, кеуде сүйегі езілген) диагнозы бойынша облыстық ауруханаға түсіп, сонда көз жұмды.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты еңбек инспекциясы облыстық басқармасының мамандары еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталу-сақталмауын анықтап жатыр», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар