Көкшетауда 20 жастағы жігіт өзін-өзі бензин құйып өртеп жіберді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында әйелімен ұрысып қалған 20 жастағы жігіт үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 20 жастағы ер адам өзін пәтердегі жуыну бөлмесінде азаматтық некедегі әйелі және әкесінің көзінше үстіне бензин құйып өртеген. Кейін киімі өртке оранған ол жан ұшырып, далаға жүгіріп шыққан.

Осының салдарынан ол 1 дәрежедегі (97 пайыз) күйікпен ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша оның мұндай қадамға баруына әйелімен ұрысып қалғаны себеп болған көрінеді.

Оқиға 1 қараша күні 18:35 шамасында орын алған. Күйік шалған жігіт Ақмола облыстық ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі кезде тексеріс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар