Көкшетауда 20 пәтерлі тұрғын үй карантинге жабылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 20 пәтерлі тұрғын үй карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 1 сәуірде Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясының жұғуының алғашқы жағдайы анықталған болатын. Оны бірден жедел жәрдем қызметі Әуелбеков көшесінің бойындағы 167 үйдегі пәтерінен алып кетті. Осыдан кейін тұрғын үй карантинге жабылды.

«Үш тәртіп сақшысынан тұратын бірінші ауысым таңғы сағат 09:00-ден кешкі 21:00-ге дейін. Екінші ауысым кешкі сағат 21:00-ден таңғы 09:00-ге дейін кезекшілікте болады. Бұл подъезге кіріп, шығуға қатаң тыйм салынған. Қажетті азық – түлік пен дәрі-дәрмекті маска, қолға киген туыстары мен волонтерлер жеткізіп береді. Сонымен қатар, ақпарат алмасу үшін аталмыш үйдің тұрғындарынан «WhatsApp» мессенджерінде топ ашылған.

«Енгізілген бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалада панемияның өзге адамдарға таралауын тоқтатуға бағытталған»,- дейді Көкшетау қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Асқат Кенжетаев.


Соңғы жаңалықтар