Көкшетауда 2 жасар сәбидің үстіне теледидар құлап, мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда абайсызда 2 жасар сәбидің үстіне теледидар құлап, мерт болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, келеңсіз оқиға Көкшетау қаласында кеше, 10 шілде күні күндізгі сағат 13:00 шамасында орын алған. Басына теледидар құлаған 2 жасар сәби араға 3 сағат салып, облыстық балалар ауруханасында көз жұмды. Бұл жөнінде қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне облыстық балалар ауруханасының дәрігері хабарлаған.

Жабық бас сүйегі және ми жарақатымен жансақтау бөлімшесіне түскен сәби ес жимастан жантәсілім етті.

"Анасының айтуынша, сәби ойнап жүріп абайсызда теледидарды өзіне қарай тартып қалған. Ол қыздың басына құлаған",- дейді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар