Көкшетауда 19 жастағы жігіт көліктің астына түсіп өлмек болды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда 19 жастағы жігіт жүріп келе жатқан көліктің алдына жүгіріп шығып, суицид жасамақшы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қыркүйектің 20-да сағат 06:00 шамасында болған.

Бұл туралы Көкшетау қалалық полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының қызметкерлері хабарлап айтқан.

Дәрігерлердің сөзінше, ер адам «жабық бассүйек миы жарақаты, ми шайқалу, бас терісінің жарақаты, суицидтік әрекет» диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

«Анықталғандай, Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғыны бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жүріп келе жатқан «Киа Церато» автокөлігінің алдына жүгіріп шыққан. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қылмыстық кодекстің 105 бабының 1 бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алынды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, «Астана-Петропавл» трассасында жол апатынан 29 жастағы жүргізуші көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар