Көкшетауда 19 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 19 жастағы бойжеткен төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 19 маусымда Көкшетау қалалық ПД кезекшілік бөліміне 19 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2001 жылы туған сіңілісі Анастасия Александровна Ромасюнь іздеп табуға көмек сұрады. Тұрғынның айтуынша, Анастасия жұмысына кетіп, қайтып оралмаған.

Анастасия үстіне қара-жасыл түсті джинсы күртке, ақ крассовка, сұры джинсы киген. Бойы 175-177 см, шашы қоңыр түсті. Сол қолында татуировка бар.

Әріптестерінің сөзінше, ол 18 маусымда сағат 15:00 шамасында әріптестерімен сөзге келіп қалған. Кейін заттарын алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Ұялы телефоны сол күні түс кезінен сағат 22:00 дейін қосулы тұрды да одан кейін өшіп қалған.

«Бойжеткенді іздеуге департаменттің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері жоғалған қыздың жүрген жерін білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне хабарласуды сұрайды», - дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар