Көкшетауда 17 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 17 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

1954 жылғы ер адам Ресей Федерациясында қылмыс жасаған үшін 1997 жылы бері Владивосток қаласы бойынша Ресейдің ІІМБ іздеуде жүрген болатын. Қылмыскер Көкшетау қаласынан шыға берісінде қалалық құқық қорғау қызметкерлерімен ұсталды.

Кейін белгілі болғандай ол осыдан 17 жыл бұрын ҚР ҚК 159 бабының 3 бөліміне сай (алаяқтық) балық тиелген үш вагонды иемдену бойынша қылмыс жасап іздеуде жүрген болатын. Ол ірі көлемдегі тауарды алып, елден қашып кеткен екен. Осы уақытқа дейін Теміртау қаласында тұрып, үй салу сияқты құрылысы жұмыстарымен айналысқан.

Қазіргі кезде барлық материалдар Ресей Федерациясына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар