Көкшетауда 16 жастағы жасөспірім суға шомылу кезінде «граната» тауып алды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Көкшетауда 16 жастағы жасөспірім Қопа көліне шомылу кезінде "граната" тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"2002 жылы туған жасөспірім көлге шомылу кезінде жағадан 20 метр, судың астында 2 метр тереңдіктен оқу-имитациялық  гранатасын тауып алды. Ақмола облысының ІІД қызметкерлері гранатаға ұқсас заттың көзін жойды", деп аумақтық ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мəліметі бойынша "гранатаға" жүргізілген сараптама қорытындысы оның құрамында жарылғыш зат табылмаған.  Күдікті зат  РГД-5 оқу-имитациялық гранатасы болып шықты.

Соңғы жаңалықтар