Көкшетауда 16 жастағы бозбала Қопа көліне батып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 16 жастағы бозбала Қопа көліне шомылу барысында суға батып кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы жағдай Көкшетау қаласында 12 тамыз күні кешкі сағат 19:15 шамасында тіркелді. Облыс орталығындағы №13 орта мектептің оқушысы 16 жасар Н.Орлов суға шомылу кезінде абайсызда резеңке матрастан құлап, суға батып кетті.

Құтқару жұмыстарына аймақтық ТЖД судан құтқару жасағының 6 қызметкері және 1 арнайы техникасы тартылып, жасөспірімнің денесін судан алып шықты.

Соңғы жаңалықтар