+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті

2021 жылғы 8 мамыр 20:42
Бөлісіңіз:
Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда 16 саяжай отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз үйінде қаза тапты Ақмола облысында мектеп түлектері дәрігерлер отбасымен кездесті Ертіс орманы» резерватындағы бес өрт ошағы сөндірілді

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 8-інде сағат 12:44-де «101» пультіне «Целинник» және «Авиатор» саяжай кооперативтерінің учаскелерінде құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы ақпарат түсті. Анықталғандай, өрт аумағы 5 гектарды құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 73 адам және 8 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Көкшетау техникалық иститутынан 25 курсант және 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 4 қызметкер және 4 техника қосымша тартылды.

«Өрттің салдарынан 16 саяжай отқа оранды. Оның 6-уы «Целинник», 10-ы «Авиатор» саяжай кооперативтеріне тиесілі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан», - деді Көкшетау қалалық Төтенше жағдай басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT