Көкшетауда 12 жастағы қызды зорлаған күдіктінің суреті жарияланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 12 жастағы жасөспірімді зорлаған күдіктінің фото роботы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде қала көшелерінде күдікті деген педофилдің түр-тұрпаты бейнелеген суреттер ілініп тұр. Сурет 1982 жылғы куәгердің айтуы бойынша жасалынған.

Іздестіру дерегі бойынша күдіктінің бет бейнесі азиялыққа ұқсас. Жасы шамамен 25-30 аралығында. Бойы 165-170 сантиметр.

Үстіне ақшыл түсті дақтары көйлек, қара түсті шалбар киген, қара түсті сөмке ұстаған.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай сұмдық оқиға ағымдағы жылдың 4 тамызында болды.

Облыс орталығындағы Бармашино ауданы аумағында кешкі сағат 21:00-дер шамасында белгісіз ер адам 12 жастағы жасөспірімді зорлаған болатын. Кейін ішкі істер органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстау бойынша кешенді шараларды қолға алды. Алайда, күдікті осы уақытқа дейін табылған жоқ.

null 

Соңғы жаңалықтар