Көкшетауда 12 жасар жасөспірімді өгей әкесі көшеге қалдырып кеткен

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда өгей әкесі көшеге қалдырып кеткен 12 жасар жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылғы қазанның 20-да Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 12 жасар ұлын іздестіруге көмек сұраған.

Әйелдің сөзінше, кешкі сағат 23:00-дер шамасында ұлы үйінен шығып, кейін қайтып оралмаған.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде жаяу патруль қызметкерлері жасөспірімді Көкшетау қаласының Полевой және Саин көшелерінің қилысында тапты. Көкшетау қалалық ПБ ювеналды полиция инспекторлары анықтағандай, түнгі уақытта жасөспірімді көшеге өгей әкесі қалдырып кеткен. Танысымен қосылып ішімдік ішкен ер адам белгісіз жаққа кетіп қалған. Ал, жалғыз қалған жасөспірім туған әкесінің мекенжайына жаяу бармақ болған», - дейді ведомстводан.

Көкшетау қалалық ПБ ювеналды полиция бөліміндегілер атап өткендей, осы уақыттан бастап, бұл отбасы полицияның бақылауына алынды. Жалпы, Көкшетау қаласында тұрмысы төмен 92 отбасы тіркелген. Отбасылық – тұрмыстық жағдайға байланысты облыс орталығында жыл басынан бері жасөспірімдерге қатысты 23 қорғау ұйғырымы шығарылды.

Соңғы жаңалықтар