Көкшетауда 10 метрлік «қанатты домбыра» орнатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының 195 жылдығына сый ретінде облыс орталығында «Домбыра» жаңа сәулет композициясы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының алдына орнатылған стелланың авторы көкшетаулық танымал мүсінші және суретші Манарбек Бұрмағанов.
«Домбыра - бұл Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақыны Біржан сал мен Ақан серінің музыкалық аспабы. «Қанатты домбыра» жасау туралы ойым бұрыннан бар еді. 2014 жылы алғашқы нобайын жасап, туризм басқармасына тапсырдым. Биылғы жылы менің «қанатты домбырам» қызығушылық танытып, жүзеге асырылды», деп өзінің ойымен бөлісті. М. Бұрмағанов.
Оның сөзінше, «домбыра» стелласының биіктігі 10 метр және металл мен бетоннан жасалған. Сәулет ескерткіші Көкшетау қаласының 195 жылдығына сый ретінде қала күннін тойлайтын күні (маусымнның 28-29 күндері) ашылу керек еді. Алайда, Арыстағы оқиғаға байланысты мерекелік шара кейінге шегерілді. Қазіргі кезде ескерткіштің өзі орнатылды, тек маңында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, биыл Көкшетау қаласының іргесі қаланғанына 195 жыл толады. Осы мереке шеңберінде бірқатар шаралар ұйымдастыру жоспарланған болса, оның алды жүзеге асырылды.
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты
- Ақмола облысында бірнеше мектеп оқушыларына коронавирус мұғалімдерден жұққан
- Ақмола облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші кезекте кімдер алады
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
-
Ақмолада әкім орынбасары мен бөлім бастығы жер телімі үшін кәсіпкерден пара сұраған
-
Карантин: Ақмола облысында діни объектілердің қызметіне тыйым салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам