Көкшетауда 10 автобус 3G Wi Fi интернет желісімен жабдықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жолаушылар автобусын тегін 3G Wi Fi интернет желісімен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл туралы облыс орталығындағы «Достық» қонақ үйінде өткен «Көкшетау автобус паркі» ЖШС мен ұялы байланыс операторы Beeline бірлесіп өткізген Wi Fi Bus жобасының тұсаукесер рәсімінде айтылды.

«Қазіргі кезде облыс орталығында осындай интернетпен 10 автобус жабдықталған. Бұл өз кезегінде жолаушыларға Wi Fi желісі арқылы Beeline интернетін тегін пайдалану сияқты қосымша қызмет көрсетіп, қоғамдық көлікке қызығушылығын арттырады», дейді «Көкшетау автобус паркі» ЖШС директоры Әсия Шәрімова.

Соңғы жаңалықтар