Көкшетауда 1,5 мыңға жуық ардагердің шипажайда емделу құқығы қалпына келтірілді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының прокуратурасы Көкшетау тұрғындарына шипажай-курорттық емделу бойынша әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар тарапынан биылғы жылдың басынан бері әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың құқығы шектелгені анықталды.

«Қалалық және аудандық мәслихаттар шипажай-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті қарастырмай, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекітті. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұқтаж адамдарға шипажай-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 1479 ардагердің құқықы қалпына келтірілді», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысындағы 50 балабақшада санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар