«Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны 4 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Көкшетау Жылу» кәсіпорнына қатысты бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Комитетке сілтеме жасап.

«ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі үлгі шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға міндетті.

Алайда, жоғарыда аталған заң нормаларын бұза отырып, «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорны тұтынушылармен жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасқан жоқ.

Осылайша, «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнының іс - әрекетінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігінде көзделген бұзушылық анықталды», - деді ведомстводан.

Осыған байланысты, ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабында көзделген міндетті орындамағаны үшін «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорны әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұл ретте, ҚР ӘҚбК-нің 164-бабының 4-бөлігі ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 4 667 200 теңге сомасында айыппұл салу қаралған.

Алайда, «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорны заң бұзушылықпен келісіп, қысқартылған тәртіпте 2 333 600 теңге көлемінде айыппұл төледі.



Соңғы жаңалықтар