Көкшетау жастары Лондон фестивалінде шетелдіктерді Қазақстан мәдениетімен таныстырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетау жастары Лондонда өткен Орта Азия елдерінің көктемгі «Наурыз» фестивалінде шетелдіктерді Қазақстан мәдениетімен таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.



Биыл 8-ші рет ұйымдастырылып отырған «Наурыз» фестиваліне Қазақстан, Əзірбайжан, Түркменстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тəжікстан, Иран, Түркия, Шығыс Қытай, Татарстан жəне Өзбекстан елдерінен 2 мыңға жуық адам қатысты.

Аталмыш шара Лондонда Орта Азия елдерінің (CASF) көктемгі «Наурыз» фестивалі ретінде танымал. Осындай CASF 2017 шарасы Gower Street, University College London (UCL) тəрізді оқу орындарында да өтті.



Лондондағы «Риджентс» университетінің студенты, қазақстандық Райымбек Қасенов пен Əйгерім Тұқаеваның айтуынша, жобаның басты мақсаты- Қазақстанды және оның жергілікті тұрғындарының салт-дәстүрлеріне насихаттау болып табылады.

Шара қатысушылары мен қонақтарына Орталық Азия елдерінің халықтың əн жəне би өнері көрсетіліп, ұлттық тағамдары ұсынылды. Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындары мен салт-дәстүр, əдет-ғұрыптарын паш ететін шаралар ұйымдастырылып, ұлттық бұйымдардың көрмесі өтті.



Шарадан түскен қаржы Орталық Азия өңірінде қайырымдылық мақсатқа жұмсалатын болады. CASF көмегімен соңғы 7 жылда 25 қайырымдылық жобасы жүзеге асырылған.

Соңғы жаңалықтар